$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ирак билігі қыздардың неке жасын 9 жасқа дейін төмендетуді жоспарлап отыр

Заң жобасы әйелдерге қатысты бірқатар шектеу енгізуді қарастырады

Ирак билігі қыздардың неке жасын 9 жасқа дейін төмендетуді жоспарлап отыр
Фото: depositphotos.com

Иракта қыздардың некеге келісу жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендетуді көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Бұл ұсынысты ультраконсервативті шииттік партия ұсынды. 

Заң жобасы тек некеге келісу жасын төмендетуді ғана емес, әйелдерге қатысты бірқатар шектеу  енгізуді де қарастырады. Бұл түзетулер қабылданса, ирактық әйелдер ажырасу құқығынан, балаларды қамқорлыққа алу құқығынан және мұрагерлік құқықтан айырылуы мүмкін. Билік коалициясы бұл өзгерістерді исламдық құқықтың қатаң нормаларына сәйкес келетінін және жас қыздарды «адамгершілікке жат қатынастардан» қорғауға бағытталған деп түсіндіріп жатыр.

Алайда заң жобасы Ирак ішінде де, халықаралық деңгейде де үлкен дау тудырды. Қарсыластары бұл бастамалар әйелдер мен қыздардың құқықтарын шектеп, қоғамдағы жағдайын одан әрі нашарлатады деп есептейді. Сонымен қатар билік коалициясы бұл өзгерістер «отбасылық құндылықтарды» сақтауға және жастарды моральдық қауіптерден қорғауға көмектеседі деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары