$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі перзентхана басшылығы үш мың нәрестенің дәрі-дәрмек жинақтарын иеленген

Аурухананың бас дәрігері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкенттегі перзентхана басшылығы үш мың нәрестенің дәрі-дәрмек жинақтарын иеленген
Фото: © istockphoto.com

Шымкент қаласының прокуратурасы перзентханалардағы «ана мен бала» дәрі-дәрмек жинақтарымен қамтамасыз ету заңдылығының жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Талдау нәтижесінде, шамамен үш мың нәресте перзентханадан шыққан кезде тиесілі дәрі-дәрмек жинақтарын алмағаны анықталды.

«Қадағалау актісі бойынша 2763 жаңа туған нәрестенің аналарына тиісті жинақтар табысталды. №2 қалалық аурухананың бас дәрігері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет пен медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бес медициналық қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Серіктес жаңалықтары