$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордалық аудандардың бірінде есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Ол уақытша ұстау изолятрына қамуға алынды

Елордалық аудандардың бірінде есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысының елордалық аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының жолын кесті. Ұзақ уақыт пысықтаулардың нәтижесінде күдікті ұстлып, 18 килограмнан астам гашиш тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті мен 5573 әскери бөлімінің кинолог-мамандары Макс, Рич және Самурай қызметтік иттерімен анықтау және іздестіру іс – шараларын жүргізуде жедел қызметкерлерге көмек көрсетті.

«Тінту барысында төрт аяқты полицейлер ақмолалықтың үйінен тыйым салынған заты бар қапты, сондай-ақ тіркелмеген қаруды тапты. Күдіктінің гашишті сақтаумен ғана емес, сатумен де айналысқандығының дәлелі ретінде полиция қызметкерлері алдын ала оралған есірткі мен қажетті құралдарды тапты. Жедел түрде ұсталған адам "есірткі дүкенін" тұрғылықты жері бойынша орналастырғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу кезеңінде 48 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Серіктес жаңалықтары