$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мемқызметкер бюджетке жарты млрд теңгеден астам шығын келтірген

Шығын олардан толық көлемде қайтарылды

Астанада мемқызметкер бюджетке жарты млрд теңгеден астам шығын келтірген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елордада ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың бұрынғы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері қайтадан сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, елорданың аудандық сотының үкімімен ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың бұрынғы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері үшін сотталған.

Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 526 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

«Елорда прокуратурасы негізсіз жұмсалған бюджет қаражатын қайтару жөнінде сотқа азаматтық талап арыз келтірді.

Сот шешімімен қала прокурорының талабы қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген шығын сомасы толық көлемде өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары