Қазақстандық компанияларға санкция салу: министр мәселеге қатысты пікір білдірді
Ол мұндай жағдайлармен күресу қиын екенін айтты
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастыққа арналған конференцияда қазақстандық компанияларға салынған санкциялар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыған дейін тізімдегі екі компания америкалық санкцияға іліккен еді. Бәлкім бір күндік, сондай бір мақсаттар үшін ашылған компаниялар болар. Тексерген кезде олардың бүтіндей бір шаруашылық қызметі жоқ екенін байқаймыз. Олар ашылады, кейін қандай да келісімшартқа отырып, кейін жабылып тынады. Батыстағы санкцияларға жауапты қаржылық қызметтер бұл компанияларды тізіміне қосады. Меніңше, санкцияларды айналып өтуге тырысатын қазақстандық компаниялар емес. Олар - пайда табуды көздейтін түрлі компаниялар. Мұнымен күресу қиын, бірақ жалпы алғанда, біз АҚШ пен Еуропаның санкцияларын бақылау органдарымен келіскен шектеулерді сақтаймыз», - дейді Байбазаров.
Еске салсақ, осыған дейін бірден 6 қазақстандық компания Ұлыбританияның санкциялық тізіміне енген еді.