07.11.2024, 12:40
Жаңалықтар
«Баян үмітті оятқан сияқты»: әнші Жазира Байырбекова балалы болу туралы айтты
Ол кенжесі қазір 5 жасқа келгенін айтты
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova
Әнші Жазира Байырбекова 46 жастан асқан шағында тағы да балалы болу туралы ойлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Instagram парақшасындағы жазбасында продюсер Баян Мақсатқызы біраз адамның үмітін оятқанын жазды.
«Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. Қазбек (үлкен ұлы) үйленуге асықпайтын болса, тағы бөпелі болсақ, қалай болар екееен деп ойладым бүгін.
Баян Мақсатқызы 45-тен асқан талай келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты иә, қыздар. Үйде сәби болғандағы аура басқаааша ғой», - деп жазды Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, әнші Жазира Байырбекова 1978 жылдың 30 қыркүйегінде дүниеге келген.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды