$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сыртқы істер министрі Кореяға ресми сапармен барды

Ірі компаниялармен кездесулер өткізеді

Сыртқы істер министрі Кореяға ресми сапармен барды
Фото: ҚР СІМ

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар аясында ол ел басшылығымен кездеседі және сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысады.

«Сапардың бірінші күні қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында ҚР СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары – «Hyundae Hospital», «With You E&C», «Sejong» және «Seoyon E-HWA» компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақстандық Үкімет Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бастамаларды табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары