Еліміздің оңтүстігінде қар жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Алдағы күндері ауа райы күрт суытады
«Қазгидромет» РМК 5-7 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн суытып, жаңбырдың арты қарға ұласады. ҚР басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі.
«5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 3 аяз – 5 жылыға дейін, таулы аудандарда 8 аязға дейін, күндіз 0-7 жылы, таулы аудандарда 2 аяз дейін төмендеуі күтіледі», - делінген ауа райы болжамында.