03.11.2024, 18:32
Жаңалықтар
Түркістан облысында 7 жасар қызды зорлаған адам 25 жылға сотталды
Ол 14 жыл іздеуде болған
Фото: © istockphoto.com
Түркістан облысында 14 жыл іздеуде болған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының өкілдері жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қор дерегінше, оқиға 2010 жылы маусымда болған.
«Істі 9 жыл тергеді. Бірақ күдікті табылмады. Қыздың анасы Динаға хабарласып, қыздан жауап алынды. Жалпы 14 жыл іздеуде болды. Қазір қыз 21 жаста», - дейді #НеМолчиKZ өкілдері.
Қыздың анасы Түркістан облысындағы тергеуші бес жыл бойы байланыста болғанын айтты. Қор өкілдерінің айтуынша, қылмыскер түрмеден табылған. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.
Педофил 25 жылға сотталды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)