03.11.2024, 04:00
Жаңалықтар
Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты