$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда көктайғақ күтіледі

Кейбір өңірлерде тұман болуы ықтимал

Бүгін солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда көктайғақ күтіледі
Фото: depositphotos.com

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде күн ашық, жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с . Атырау қ: 03 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қараша түнде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Қостанай қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 қарашада күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 03 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Абай облысы

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 03 қарашада күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Астана

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Астана қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.

Жетісу облысы

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары