03.11.2024, 02:00
Жаңалықтар
Шавкат Рахмоновты ирландиялық файтер жекпе-жекке шақырды
Гэрри қазіргі таңда UFC рейтингінде жетінші, ал Шавкат үшінші келеді
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Әлі жеңіліп көрмеген ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрри (15-0) Шавкат Рахмоновпен (18-0) айқас өткізуге ниет білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport + сайтына сілтеме жасап.
Рахмонов 7 желтоқсанда жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) титул үшін айқас өткізу керек еді. Алайда чемпион операция жасатып, жекпе-жекке шыға алмайтын болды.
Гэрри қазіргі таңда UFC рейтингінде жетінші, ал Шавкат үшінші келеді.
«Жеңіліп көрмеген екі файтер. Қай жерде және қай уақытта болса да», - деп жазыпты Гэрри Instagram желісінде.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
