$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер қабылдау басталды

Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғыны ұсыныс жібере алады

«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: © istockphoto.com

Астанадағы Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғын ұсыныс жібере алады.

«Жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол биылғы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылады. Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына WWW.BAIKONYR-ASTANA.KZ жіберуге болады («Халыққа қатысатын бюджет-2025» бөлімінде)», — делінген хабарламада.

Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), сұлбасы мен сметаны (индикативті болуы мүмкін), қазіргі жағдайдың фотосуреттерін, презентация тіркеу қажет. 

«Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады. «Астана қаласы «Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады», — делінген хабарламада.

Ұсыныстар 2025 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Серіктес жаңалықтары