$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ешқандай лауазымды адамдар мені тоқтата алмайды»: Жұлдыз Әбдукәрімова шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Ол шабуыл жасаушыларға ресми түрде шағым түсіргенін атап өтті

«Ешқандай лауазымды адамдар мені тоқтата алмайды»: Жұлдыз Әбдукәрімова шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Фото: nstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әлдекімдер актрисаның желідегі парақшасын бұғаттап тастауға әрекет еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыз Әбдукәрімованың жазуынша, оның парақшасына бұған дейін де анонимді шабуылдар жасалған екен.

«Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуе жолда интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда хабарлама келді: «10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инстапарақшаңыз бұғатталды» деген. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым. Бұл біз үшін қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе, соңғы уақытта.  Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар!», - деп жазды актриса.

Ол шабуыл жасаушыларға ресми түрде шағым түсіргенін атап өтті.

«Шабуыл жасаушыларға ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталуда. Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын. Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!», - делінген жазбда.

Серіктес жаңалықтары