$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада хостел қызметкері клиенттерінің бірін тонап, ақшасын жұмсап жіберген

Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада хостел қызметкері клиенттерінің бірін тонап, ақшасын жұмсап жіберген
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Астанада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелге тоқтаған. Бөлмеге зергерлік бұйымдар салынған сөмкені қалдырып, кетіп қалған. Оның жоқтығын пайдаланып, хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын тізбекті ұрлап кеткен.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары