01.11.2024, 10:53
Жаңалықтар
Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды
Қазір үйлену тойына дайындық жүріп жатқанын айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында желі қолданушылары тарапынан қойылған бірнеше сауалға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қазіргі уақытта үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.
«Той бұйыртса 2025 жылы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Оқырмандары тарапынан «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұраққа да жауап бері өтті.
«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», - деді актриса.
Айгүл Иманбаева өз сөзінде келер жылы ұлы Асылжанның да үйлену тойын жасауды жоспарлап отырғанын айтты.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті