01.11.2024, 09:08
Жаңалықтар
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда қолға түсті
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді
Фото: Polisia.kz
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде болып, басқа келушімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
