31.10.2024, 14:15
Жаңалықтар
Шымкентте шетел азаматы есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды
Қазір ол қамауға алынды
Фото: Видеодан скрин
Шымкентте шетел азаматынан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
21 жастағы ер адам қала аумағында «синтетика» таратумен айналысқан. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.
Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды