Қазақстанның нарығы инвесторлар үшін өте тартымды – Бхаргав Дасгупта

Темірхан Айжан

30 жылдан астам уақытта қанша инвестиция құйылғаны белгілі болды

Қазақстанның нарығы инвесторлар үшін өте тартымды – Бхаргав Дасгупта
Фото: istockphoto.com

Азия Даму Банкінің нарықтық қатынастар жөніндегі вице-президенті Бхаргав Дасгупта Қазақстанның инвестициялық климаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның нарығы шетелдік инвесторлар үшін өте тартымды. Көптеген салаларда мүмкіндіктер ұсынады. Қазір мемлекеттік-жеке серіктестік жобалар тарту жөнінде кеңесіп жатырмыз. Сонда да жеке секторларға инвестиция тартуға көбірек көңіл бөлгіміз келеді. Бұл Қазақстанның инвестициялық климатын одан әрі тартымды ете  түседі», - деді ол.

Бхаргав Дасгупта Қазақстан үкіметімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан 30 жылдан астам уақытта қанша инвестиция құйылғанын атап өтті.

«Азия даму банкі Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктесі, мемлекет нарығында 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Сол уақыт аралығында Қазақстанға 7 млрд доллар инвестиция салынды. Әрі қарай да маңызды салаларға энергетика секторы, жол секторы, денсаулық сақтау секторына инвестиция сала береміз», - дейді ол.

Ол Қазақстан мен Азия даму банкі арасында 4 жылға арналған стратегиялық бағдарлама аясында жұмыс жүргізілетінін айтты.

Айта кетсек, Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-отырысы болып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.