$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жақын арада оң шешімін табады»: Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына сотталған болатын

«Жақын арада оң шешімін табады»: Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол жұмыс белсенді түрде атқарылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада оң шешімін табады деп сенемін. Бұл оңай жұмыс емес.

Ол өз жазасын елімізге келіп өтеуге қатысты оның арызы бізге түскен. Ол жазасын елімізге келіп өтегісі келеді. Ол өзінің адвокатымен тұрақты түрде байланыста», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары