31.10.2024, 07:19
Жаңалықтар
Алматы облысында браконьерден 50 келіден астам көксерке балығы тәркіленді
Мемлекетке келтірілген залал – 425 844 теңге
Фото: depositphotos.com
Алматы облысы Балқаш ауданының Құйған ауылы маңында заңсыз балық аулаған Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балқаш аудандық ПД мәліметінше, ер адам 27 қазанда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсталған. Ол моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен балық аулаған.
«Тінту кезінде құқық бұзушыдан 50 келіден астам көксерке, сонымен қатар заңсыз аулау құралдары табылды. Күдіктіге қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды», – деп атап өтті Балқаш аудандық полициясының бастығы Айдар Умаров.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)