Тұман, жел, көктайғақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Кей аймақта қатты жаңбыр жаууы мүмкін
«Қазгидромет» РМК ертең, 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Астана қаласында да түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда да көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында тұман түседі, күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавл қ.: 31 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болды деп күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
31 қазан мен 2 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.