$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Тергеу нәтижесінде зорлау дерегі расталған жоқ

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлағаны дәлелденген жоқ. Сондықтан оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеді.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталмады. 2024 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды. Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келісті»,- делінген ПД хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, осы жылдың тамыз айында қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Серіктес жаңалықтары