Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған екі адам ұзақ жылға сотталды
Олардан 21 кг психотроптық заттар тәркіленді
Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған екі адам сот үкімімен 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.
Атап айқанда, П және Т атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.
«Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткізаттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).
Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.