29.10.2024, 14:57
Жаңалықтар
Ер адам мал іздеу үшін атпен тауға қарай шығып, жоғалып кеткен
Құтқарушылар жоғалған адамды дронмен іздеген
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысында мал іздеу үшін атпен тауға кеткен ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар жоғалған адамды түні бойы іздеді. Оқиға кеше кешке Кеген ауданы Бөлексаз ауылында болған. 1974 жылы туған ер адам мал іздеу үшін атпен тауға қарай шығып, жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті.
«Іздестіру жұмыстары ұшақсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы жүргізілді, сондай-ақ ТЖМ жедел-құтқару жасағының кинологиялық жасағы жұмылдырылды.
Бүгін таңертең іздестіру тобы жоғалған адамды таулы жердегі Бөлексаз ауылынан 8 шақырым жерде тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды