$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Моңғолиядағы Шыңғыс ханның музейіне барды

Музей қорында Шыңғыс ханға арналған 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар

Тоқаев Моңғолиядағы Шыңғыс ханның музейіне барды
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Ұлан-Батыр қаласындағы Шыңғыс хан ұлттық музейін арнайы барып көрді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылы ашылған музей қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған. Бұдан бөлек көрмеде Ғұн дәуірінен бастап XX ғасырға дейінгі Моңғол мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін толық қамтитын артефактілер қойылған.

Музейдің тағы бір маңызды міндеті – Еуразия халықтарының көшпелі өркениеті мен мәдени мұрасын зерттеу және оны жан-жақты дәріптеу.

Мемлекет басшысы музейді аралап көріп, Құрметті қонақтар кітабына: «Шыңғыс хан ұлттық музейі – ұлы тұлғаның және тұтас мемлекеттің шежіресі. Руханият ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Моңғолия халқының мерейі үстем болсын!» деп жылы лебізін қалдырды.

Серіктес жаңалықтары