$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев ісіне қатысты сотта төрағалық еткен судья марапатталды

Ол ҚР Жоғары Сотының «Мінсіз қызметі үшін» медалін иеленді

Бишімбаев ісіне қатысты сотта төрағалық еткен судья марапатталды
Фото: t.me/astanasottary

Атышулы Бишімбаев ісіне қатысты сотта төрағалық еткен судья Айжан Көлбаева марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі табысталды.

«Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табыс етті. Іс-шарада Айжан Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды»,  - делінген хабарламада.

Марапатты табыстау барысында Айсұлу Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары