$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 15:55
Жаңалықтар

Рахымбаев екі аптада салған ауруханада 178 науқас жатыр

Ем алып жатқандардың 4-еуі бала 

Рахымбаев екі аптада салған ауруханада 178 науқас жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жақында коронавирус жұқтырған науқастарға арнап салынған модульдік инфекциялық орталықтың жұмысы туралы айтып берді. 

Оқи отырыңыз: Елордада екі апта ішінде қандай аурухана салынады – фоторепортаж

«Бұл 200 адамға арналған заманауи инфекциялық орталық. Науқастар мен дәрігерлердің қауіпсіздігі қамтасыз етілген. Лас, таза аймақтарға бөлінген. Қазір 71 дәрігер, 122  орта медициналық қызметкерлер, 139 кіші медициналық қызметкер жұмыс істеп жатыр. Орталықтағы компьютерлік томография коронавирустың асқынуын анықтай алады. Қазір онда 178 адам ем алуда, ішінде 4 бала бар», - деді С.Қисықова.

Оқи отырыңыз: «Бас санитар дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі». Тоқаев екі апта ішінде салынған госпитальмен танысты

Айта кетейік, аурухананы BI Group компаниясы қысқа мерзім ішінде дайын бетондардан салып шыққан. Ол 23 сәуір күні ашылған еді. Қоғам тарапынан орталыққа қатысты түрлі сын-пікірлер де айтылды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары