Нұр-Сұлтанда коронавиурс жұқтырған 4 науқастың халі ауыр
Бір адам өкпенің жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус дертімен жатқандардың жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қалада жалпы вирус жұқтырған 1173 науқас тіркелген.
«Олардың 4%-ының жағдайы ауыр. 17%-ының халі орташа, 79%-ының жағдайы жеңіл. 1423 адам стационарларда жатыр. Коронавирусқа қарсы 621 адам ем алуда. Коронавирус инфекциясы бар пациенттердің 4-еуінің жағдайы тұрақты түрде ауыр. Бір адам өкпенің жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Қалғандарының халі қанағаттанарлық», - деді С. Қисықова.
Бұған дейін екі науқастың қайтыс болғаны хабарланған.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан тағы 2 адам көз жұмды, 118 адам жаңадан індет жұқтырды
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан