Коронавирустан тағы 2 адам көз жұмды, 118 адам жаңадан індет жұқтырды
Қайтыс болғандар Нұр-Сұлтан қаласынан
Қазақстанда өткен тәулікте 118 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Екі адам індеттен қайтыс болды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Олар: 1958 жылы туған әйел адам; 1977 жылы туған ер адам»,- делінген хабарламада.
Ал жаңадан індет жұқтырғандарға келсек, аймақтар бойынша статистика төмендегідей :
Ақмола облысы - 4 (3,6%)
Ақтөбе облысы - 29 (15,8%),
Алматы облысы - 1 (0,5%),
Атырау облысы - 17 (3,7%),
Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%),
Жамбыл облысы - 2 (1,0%),
Батыс Қазақстан облысы - 7 (2,6%),
Қарағанды облысы - 8 (3,9%),
Қостанай облысы - 4 (5,9%),
Қызылорда облысы - 1 (0,4%)
Маңғыстау облысы - 3 (2,2%),
Алматы қаласы - 11 (0,7%),
Нұр Сұлтан қаласы - 25 (2,2%),
Шымкент қаласы - 5 (2,0%).
Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 5689, емделіп шыққандар - 2531, кайтыс болғандар - 34. Кеше өсім 2,1% құрады.