Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін де ауған әйелдеріне бірқатар шектеулер енгізілген еді

Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды
Фото: depositphotos.com

Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BILD басылымына сілтеме жасап.

2021 жылдың тамызында Талибан Ауғанстанда билікке келгеннен кейін, елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның қатсуынсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, шомылуға және кез келген спорт түрімен айналысуға да рұқсат етілмейді. Сұлулық салондарына баруға да шектеу қойылған.

Әйелдерге арналған паналау орталықтары жабылып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы Заңның күші жойылды. Әйелдерді көпшілік алдында ұрып-соғып, «исламға жат мінез-құлық» үшін түрмеге жабылады.

Енді Талибанның ізгілік министрі Халид Ханафи әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, әйелдермен де көпшілік алдында сөйлесуге тыйым салды.

 Сонымен қатар, оның мәлімдемесіне сәйкес, ересек әйелдердің өз дауыстарын естуге тыйым салынады. Осылайша, әйелдер басқа әйелдердің қатысуымен Құранды дауыстап оқудан бас тартуы керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.