«Қазақстан Барысы – 2024» жеңімпазы анықталды

Azattyq Rýhy

Турнирдің бас жүлдесі Ерасыл Қажыбаевқа бұйырды

«Қазақстан Барысы – 2024» жеңімпазы анықталды
Фото: instagram.com/qazaqstan_barysy

«Қазақстан Барысы – 2024» турнирінің жеңімпазы анықталды. Турнирдің бас жүлдесі Абай облысынан келген Ерасыл Қажыбаевқа бұйырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші орынды шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров, үшінші орынды Абай облысынан келген Саят Шамшиев алды.

Турнирде өңірлік іріктеу сайыстарының қорытындысы бойынша елдің 42 үздік балуаны бақ сынады. Олар Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкенттен келген. Сондай-ақ, турнирде өткен жылғы «Қазақстан Барысы» чемпионы мен «Әскер Барысы» атағының екі өкілі қатысты.

Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ұйымдастырушылары – «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Sport Qory» қоры, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Самұрық-Қазына» АҚ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.