26.10.2024, 15:26
Жаңалықтар
Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ол Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
