Бірнеше жыл бойы балаларды сатумен айналысқан әйел өлім жазасына кесілді
Ол 17 баланы ұрлаған
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында балаларды ұрлап, оларды сатқан әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Юй Хуайин есімді әйел алғаш рет 1992 жылы күйеуі түрмеде болғанда некесіз бала туып, оны сатып жіберген. Содан кейін ол басқа балаларды ұрлап, сатуды кәсіпке айналдырған. Сегіз жылдан кейін түрмеден шыққан күйеуімен бірге қылмыстық әрекеттерін жалғастырған.
2004 жылы Юй Хуайин қамауға алынған, бірақ ол өзін басқа адам ретінде таныстырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Бостандыққа шыққаннан кейін әйел қылмысын қайта жалғастырған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 1993-1996 жылдар аралығында 11 баланы ұрлау және сату фактісі белгілі болды. Балалардың барлығы 5-8 жас аралығында болған.
61 жастағы Юй Хуайин қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді.