26.10.2024, 11:09
Жаңалықтар
Қаскелеңде өрт шыққан үйден бес адам эвакуацияланды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Фото: © istockphoto.com
Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы бес адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт басқа пәтерлерге таралмай, 70 шаршы метр аумақта өшірілді. Тағы 15 тұрғын өз бетінше сыртқа шықты. Өрт нәтижесінде 1957 жылы туған егде жастағы әйел ауруханаға жатқызылды», — деп жазылған хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды