Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Azattyq Rýhy

Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Фото: depositphotos.co

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады, жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ: 26 қазанда кей уақыттарда тұман күтіледі

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 26 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 қазанда түнде және таңертең қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 26 қазанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 26 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 26-27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.