25.10.2024, 21:53
Жаңалықтар
Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды
Шоу шамамен 20 минутқа созылды
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматыда Республика күнін мерекелеу аясында Абай алаңында дрондар шоуы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Республика күніне арналған мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынды. Шоу шамамен 20 минутқа созылды, оны 15 мыңға жуық алматылық тамашалады.

Аспанға бір мезетте 500-ден астам дрон ұшып, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін ерекше бағдарламаны ұсынды. Атап айтқанда, Қазақстанның географиялық картасынан бастап, Мемлекеттік ту, киіз үй, Алтын адам, алма, қызғалдақ және өзге де бейнелер көрсетілді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды