$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркиядағы теракт: 30-дан астам адамды қамауға алу туралы шешім қабылданды

Анкараның бас прокуратурасы ордер шығарды

Түркиядағы теракт: 30-дан астам адамды қамауға алу туралы шешім қабылданды
Фото: depositphotos.com

Түркияда болған терактіден кейін тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясының (РПК) 30-дан астам жақтасын қамауға алу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Анкараның бас прокуратурасы Анкарада ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысып, сепаратистік террористік ұйымның зорлық-зомбылық әдістерін насихаттаған және осы әдістерді заңдастыруға тырысқан 33 күдіктіні қамауға алу ордерін шығарды.

Аймақтық полицияның антитеррорлық басқармасы күдіктілерді қамауға алу және оларды бас прокуратураға жеткізу бойынша операциясын бастады.

Еске сала кетсек, 23 қазанда Түркияда TUSAS компаниясының аумағында, Анкараның маңындағы Кахраманказан ауданында қарулы екі адам шабуыл жасап, бес адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Осы оқиғадан кейін Түркия қарулы күштері Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі Күрд жұмысшы партиясының позицияларына әуе соққыларын жасады.

Серіктес жаңалықтары