24.10.2024, 14:01
Жаңалықтар
Алматыда 700-ден астам мопед жол апатына ұшыраған: 14 адам көз жұмды
Жыл басынан бергі жағдай белгілі болды
Фото: depositphotos.com
Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол-көлік оқиғаларының статистикасын жариялап, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 3869 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 4211 адам зардап шеккен.
Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – қаланың көлік кептелісі: бүгінде Алматыда 650 889 көлік тіркелген, ал өңірлерден күніне 550 мыңға дейін көлік мегаполиске кіреді.
Мопедтер мен электроскутерлер сияқты баламалы көлік түрлерінің қатысуымен болатын апаттардың көбеюіне ерекше назар аударылды. Полицияның мәліметі бойынша:
- Мопедтердің қатысуымен 743 ЖКО болды, салдарынан 757 адам зардап шекті, 14 адам қайтыс болды.
- Электр самокаттарының қатысуымен 103 жазатайым оқиға тіркелді, оның салдарынан 109 адам зардап шекті.
- Мотоциклдердің қатысуымен 19 ЖКО тіркеліп, 19 адам зардап шекті, 2 адам қаза тапты.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды