Алматыда моншаның ішінде есірткі жасағандар ұсталды (ВИДЕО)
Күдіктілер ондаған кг есірткі өндірген
Алматыда ірі көлемде есірткі өндіретін зертхана табылды. Полиция зертханадан не табылғанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жасырын зертхана Медеу ауданындағы жер үйлердің бірінен шықты.
«Жалдамалы үйде синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырған 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ұнтақты заттар салынған ондаған полиэтилен байламдар, белгілі бір иісі бар көлемді канистрлерге салынған шикізат, сорғышы және гофры бар 1,80*1,20 өлшемді монша, ішінде реагенттерді, шелектерді, қабаты бар пластмассаны араластыруға бейімделген 150 литрлік пластикалық бөшке, таразылар және басқа да зертханалық жабдықтар анықталды және процессуальдық түрде тәркіленді.
Сот-химиялық сараптамасының мәліметтері бойынша, ұнтақты зат - мефедрон, салмағы 21 келі 773 гр.», - деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Есірткі зертханасының маманы қамауға алынды.