Жол ережесін 195 рет бұзған: Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар 19 жастағы жүргізуші ұсталды

Azattyq Rýhy

Оның көлігі айыппұл тұрағына қойылып, өзі қамауға алынды

Жол ережесін 195 рет бұзған: Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар 19 жастағы жүргізуші ұсталды

Алматыда жол ережесін 195 рет бұзған 19 жастағы жүргізуші ұсталды. Оның мойнында 7 млн теңге айыппұл бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары Медеу ауданындағы Достық даңғылының бойында қолға түсірді.

«Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын сағатына 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті болады», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.