Жамбыл облысында жанар-жағармайды заңсыз алып өтудің 1200-ден астам жағдайы анықталды
Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді
Жамбыл облысында бір айдың ішінде жанар-жағармайды заңсыз алып өтудің 160-қа жуық жағдайы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, биыл қазан айында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті.
«Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Осы жылдың басынан бері осы учаскеде жанар-жағармайды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді», - делінген хабарламада.