$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман, жел және жаңбыр күтіледі

Солтүстік аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман, жел және жаңбыр күтіледі
Фото: depositphotos.com

Бүгін көптеген аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Күндізгі уақытта кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Бірқатар өңірлерде жаңбыр жауады, ал кейбір аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, салқын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 23 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 23 қазанда түнде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астана

Астана қ.: 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 қазанда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 қазанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 23 қазанда кей уақытта тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 23 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 қазанда кей уақытта найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Қонаев қ.: 23 қазанда жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, екпіні 18-23 м/с.

Серіктес жаңалықтары