Отыз үш жастағы ер адам оқушыны зорлап, бопсалаған: полиция ресми мәлімдеме жасады
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Түркістан облысында 33 жастағы ер адам он бестегі оқушы қызды тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, артынша зорлағаны туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция жергілікті тұрғынның кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.