$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қара нарықтағы» құны 7 млрд теңгеден асады: елімізде жыл басынан бері 800 килоға жуық есірткі тәркіленді

Еуропа, АҚШ және Таиланд елдерінен келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды

«Қара нарықтағы» құны 7 млрд теңгеден асады: елімізде жыл басынан бері 800 килоға жуық есірткі тәркіленді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2024 жылы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын.

«Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиланд елдерінен келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды. Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды.

Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді.

21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.

Мемлекет есірткінің заңсыз айналымын тоқтату жұмысын жалғастырып, бақылау шараларын күшейтіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты арттыруда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары