$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді билік спорт легионерлеріне қаражат бөлмейді – депутат

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мемлекеттің қаражаты бұрынғыдай оңды-солды шашылмайтынын айтты

Енді билік спорт легионерлеріне қаражат бөлмейді – депутат
Фото: parlam.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев енді билік спорт легионерлеріне квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де қаражат бөлмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Легионерлерге, Қазақстанда жүрген шетелдік спортшыларға бюджет ақшасынан да, квазимемлекеттік сектордан, «Самұрық-Қазына» секілді қордың ақшасы да берілмеуі керек деген норманы заңға енгіздім. Жұмыс тобындағы әріптес депутаттар қолдады», – деді депутат.

Ол халықтың ақшасы тек халықтың игілігіне жұмсалуы керек екенін, 180 спорт түріне мемлекет бюджетінің ақшасы берілмейтінін мәлімдеді. 

«Олимпиадалық, Азиада ойындары, Сурдолимпиада, Паралимпиада ойындары тізіміне енген спорт түрлеріне ғана қаражат бөлінеді. Одан бөлек мемлекеттік спорттық ұйымдардағы балаларға, бұқаралық спортқа беріледі. Яғни, мемлекеттің қаражаты бұрынғыдай оңды-солды шашылмайды», - деді Нартай Аралбайұлы.

Серіктес жаңалықтары