$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық ашылды

Бұл орталықта әйелдер екі күннен бір айға дейін уақытша тұра алады

Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық ашылды
Фото: облыс әкімдігі

Қарағанды қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақ әкімдігіне сілтеме жасап. Бұл орталықта адамдар екі күннен бір айға дейін уақытша тұра алады.

Орталықта заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. 14 адамға арналған орталықта үш жатын бөлме, ас үй, жуынатын бөлме, кір жуатын машина және теледидар бар. Орталықты жөндеу мен жабдықтауға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.

«Бір жыл бұрын Қарағандыда республикадағы алғашқы отбасылық қолдау орталығы ашылды. Енді біз тағы бір қадам жасап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған уақытша орналастыру орталығын іске қостық. Біздің мақсатымыз — оларды қиын жағдайда жалғыз қалдырмай, жан-жақты көмек көрсету», — деп атап өтті Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ляззат Ақылжанова.

Әйелдер орталыққа жеке өтінішпен жүгіне алады. Сондай-ақ, отбасын, әйелдер мен балаларды қорғау мәселелері бойынша кеңес алу үшін 111 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Серіктес жаңалықтары