$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кибер-сталкинг деген осы»: белгісіз біреу Дана Нұржігіт пен оның ұлына қоқан-лоққы көрсеткен

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

«Кибер-сталкинг деген осы»: белгісіз біреу Дана Нұржігіт пен оның ұлына қоқан-лоққы көрсеткен
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітке және оның ұлына белгісіз біреу қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Дана Нұржігіт тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беріп, сталкинг құрбаны болғанын айтқан еді. Осы сұхбаттан кейін белгісіз біреулер сол сұхбаттың астына қоқан-лоққы көрсетіп, пікір қалдырыпты. «Алла саған жазаңды берсін, жалғыз балаңның өлімін көресің, осыдан қара да тұр» делінген фейк-аккаунттан қалдырылған пікірде.

Дана Нұржігіт бұл пікір кибер-сталкингтің бір көрінісі екенін атап өтті.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне!», - деп жазды Дана Нұржігіт.

Серіктес жаңалықтары