18.10.2024, 00:30
Жаңалықтар
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады
Жұлдызды жұптың қазір екі баласы бар
Фото: instagram.com/asha_matai
Белгілі әнші Айқын Төлепберген үйлену тойын жасады. Ол осыдан тоғыз жыл бұрын әнші Жұлдыз Өмірғалимен отбасын құрған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айқын мен Жұлдыздың үйлену тойы өтетіні туралы жұлдызды жұп өздерінің желідегі парақшасында жариялады. Ал желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Қолданушылардың бір тобы әншілерді құттықтап, оларға бақыт тілесе, екінші бір топ Айқынның бірінші отбасын еске алып, бұл тойды құптамайтындықтарын жазып, пікір қалдырған.
Еске сала кетейік, екінші рет шаңырақ көтерген жылы Айқын мен Жұлдыз сынның астында қалған болатын. Жұлдызды жұптың қазір екі баласы бар.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді