$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау қаласына әлі күнге дейін жылу берілген жоқ

Қазан айының соңына дейін жылу берілмейді деген болжам бар

Ақтау қаласына әлі күнге дейін жылу берілген жоқ
Фото: istockphoto.com

Ақтау қаласының әкімдігіне 32B шағын ауданының тұрғындары жылу берілмегені туралы шағымданды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміндегі 32B шағын ауданында орналасқан қазандыққа жөндеу жүргізіліп жатыр.

Қазандықтың ішіне үш қондырғы орнатылған. Қазіргі уақытта олардың біреуін орнату жұмыстары жүргізілуде, ал қалған екі қондырғы қалаға жеткізілді.

«Шарттың талаптарына сәйкес бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Тапсырыс беруші тарапынан мердігер ұйымға жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау туралы талаптар қойылды. Осыған байланысты 32B шағын ауданы тұрғындарынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Басылым мәліметінше, егер орындаушы тапсырыс берушінің өтінішін қанағаттандыра алмаса, онда 32В шағын аудан тұрғындарының 12 үйінде жылыту қазан айының соңына дейін берілмейді.

Серіктес жаңалықтары